Жарияланды: 460

Павлодар облысында Ресейден келе жатқан жолаушылар автобусы көпірдің тіреуіне соғылды; зардап шеккендер бар

Павлодар. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында жексенбі күні сағат 04 00-де №7 автожолмен Ресейден келе жатқан жолаушылар автобусы көпірдің тіреуіне соғылды; зардап шеккендер бар. Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Омбы-Павлодар бағытында қатынайтын "Вольво" автобусы Павлодарға кіре берісте көпірдің тіреуіне соғылған. Апат кезінде көлікте 19 жолаушы болған. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шегіп, түрлі дәрежедегі жарақаттармен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізілуде. "Алдын-ала мәліметке сәйкес, апат жүргізушінің кінәсінан болған. Жүргізушінің тізгінде ұйықтап кеткен болуы мүмкін екендігін біз жоққа шығармаймыз", -деді жол полициясы басқармасының бастығы, подполковник Өмірбек Сүлейменов. Оның айтуынша, бұл көлік осыдан екі ай бұрын техникалық байқаудан өткізіліп, пайдалануға жарамды деп танылған. Автобус "Павлодар-интербас"транспорттық компаниясына тиесілі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть