Павлодар облысында сұйытылған газ тиелген цистерналар темір жолдан шығып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында сұйытылған газ тиелген цистерналар темір жолдан шығып кетті

Павлодар облысында сұйытылған газ тиелген цистерналар темір жолдан шығып кетті

Бүгін, 15 шілдеде сағат 07:40 Павлодар жол бөлімшесі Екібастұз-Ерейментау учаскесіндегі Шідерті стансасында №2113 жүк пойызының сұйытылған газ тиелген үш цистернасы темір жолдан шығып кетті.

  • 15 Шiлде 2015
  • 347
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
«Пойыздар қапталдағы жолмен жүріп жатыр.  Жолаушылар пойызы кестеден кешікпеуде. Зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ арнайы комиссиясы құрылды. Павлодар жол бөлімшесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.