Павлодар облысында табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу жөніндегі департаментінің жаңа басшысы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу жөніндегі департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Павлодар облысында табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу жөніндегі департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Павлодар. 28 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу жөніндегі департаментінің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Желтоқсан 2007
  • 1504
Фото - Caravan.kz

Павлодар облысының әкімі Қайрат Нүрпейісовтың бұйрығымен табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу жөніндегі департаментінің жаңа басшысы қызметіне Николай Нетребский тағайындалды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің деректері бойынша, жаңа директордың жасы 59-да. Н. Нетребский Украинада туып, Целиноград ауыл шаруашылық институтының «агроном-ғалым» мамандығы бойынша оқу бітіріп, кейін Алматының «жоғары партия мектебін» тәмамдады.

Н. Нетребский Павлодар обласында, «Пограничник» совхозында агроном ретінде өзінің қызметін бастады. Аймақта бірнеше жыл бойы салық органдарында жұмыс істеді.

2005 — 2007 жылдар аралығында Павлодар облысының ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағалық қызметін, кейін агенттіктің тәртіптік кеңесінің хатшылық меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Соңғы жұмыс орны- облыс әкімінің бас инспекторының қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті