Павлодар облысында тіркелмеген діни бірлестік әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында тіркелмеген діни бірлестік әшкереленді

Павлодар облысында тіркелмеген діни бірлестік әшкереленді

 Павлодар облысының Мичурин ауылында тіркелмеген діни бірлестік әшкереленді.

  • 11 Желтоқсан 2014
  • 424
Фото - Caravan.kz


Астыртын секта 2013 жылдың мамырынан бері “Павлодарлық нашақорлар мен маскүнемдерді оңалту орталығы” ҚБ базасында жұмыс істеп келген, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Тексеру барысында бірлестіктің деструктивті бағыт ұстанатыны және оңалтудан өтіп жатқан адамдардың денсаулығы мен жүйкесіне кері әсер ететіні анықталды.
Орталықтағы бөлмелердің бірі секта мүшелерінің протестанттық діни жоралғыларын өткізщетін орынға айналған.
Оңалту орталығы басшыларының үстінен әкімшілік іс қозғалды.