Жарияланды: 800

Павлодар облысында "Жасыл ел" қозғалысы балық шабақтарын құтқаруға кірісті

Павлодар. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында "Жасыл ел" қозғалысының өкілдері балық шабақтарын құтқару шарасына кірісті. Бұл туралы агенттік тілшісіне студентер мен жастардың еңбек отрядтарының облыстық штабынан хабарлады.

"Студенттер өте күрделі әрі маңызды жұмысты атқаруға тиіс. Қазіргі уақытта операцияға 15 адам тартылған, бірақ кешікпей олардың қатары ұлғаяды", -деді облыстық штаб бастығы Нариман Әбілшайықов. Оның айтуынша, экологиялық отряд "Жасыл өлке" деп аталады. Ол сондай-ақ, биыл студенттердің бастамасына облыс басшылығы қолдау көрсеткенін хабарлады. Қазақстанда тұңғыш рет балық шабақтарын құтқару операциясына бюджеттен 2,5 млн теңге бөлінді. "Былтыр біз небәрі 1 млн жуық шабақты құтқарсақ, биыл мемлекеттің қолдауымен Ертіске 10 млн астамын жібермекшіміз", - деді Н.Әбілшайықов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін