Павлодар облысында жол апатынан төрт адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында жол апатынан төрт адам зардап шекті

Павлодар облысында жол апатынан төрт адам зардап шекті

Павлодар қаласының көше қиылыстарының бойында болған жол-көлік оқиғасы жұртты дүрліктірді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі т

  • 8 Маусым 2017
  • 727
Фото - Caravan.kz

Павлодар қаласының көше қиылыстарының бойында болған жол-көлік оқиғасы жұртты дүрліктірді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.

Кешкі уақытта болған жол апатты əлеуметтік желілерде тарап кетті. Облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол оқиғасы салдарынан төрт адам зардап шегіп, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

"Зардап шеккендер Павлодар қалалық №1 ауруханаға жеткізілді. Бір ер азамат полижарақаттар бөлімінде ауыр халде жатыр. Қалған тұрғындардың денсаулығы орташа деңгейде. Дəрігерлер ем-дом шараларын жүргізіп жатыр. Əзірге бар ақпарат осы", — деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.

Айта кетейік, куəгерлер жол апатына ұшыраған көліктердің бірі инкассаторлық машина деп хабарлаған еді. Өңірдегі ішкі істер департаментінің мамандары бұл фактіге қатысты түсіндірді.

"Жол-көлік оқиғасы облыс орталығындағы 1 Мамыр — Қайырбаев көшелерінің қиылысында кешкі уақытта болды. УАЗ-3962 жəне "Мерседес Бенс" маркалы көліктері соқтығысты. Салдарынан 51 жəне 26 жастағы жүргізушілері жарақат алды. УАЗ көлігі "Қазпошта" АҚ облыстық филиалының инкассаторлық қызметіне тиесілі болып шықты. Бұл дерек бойынша тексеріс басталды. Кейін сотқа дейінгі тергеу басталады", — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің өкілі Сəуле мусинова.


Инкассаторлық қызмет көлігінің ішінде үш адам болған.

Соңғы жаңалықтар