Павлодар облысында жүк пойызы вагондарының жолдан шығып кетуінің алдын ала себептері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында жүк пойызы вагондарының жолдан шығып кетуінің алдын ала себептері анықталды

Павлодар облысында жүк пойызы вагондарының жолдан шығып кетуінің алдын ала себептері анықталды

Алдын алу тексеру мәліметтері бойынша Павлодар жол бөлімшесінің Екібастұз-Ерейментау теліміндегі

  • 15 Шiлде 2015
  • 443
Фото - Caravan.kz


Шідерті стансасында №2113 жүк пойызының вагондарының жолдан шығып кетуіне вагон қорабының ақауы себеп болған. 

Аталған жылжымалы құрам 2014 жылы 9 қаңтарда деполық жөндеуден өткізілген.
Вагондарды жөндеуден өткізген жеке вагон депосының технологиялық үдерістерді сақтауы жөніндегі және сапалық дәрежесін арнайы құрылатын комиссия тексереді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен. 
Оқыс оқиғаның орын алуына себеп болған жай толығымен дәйектелген жағдайда жекеменшік вагон иесі мен жеке иеліктегі вагон жөндеу кәсіпорнына өтемақы төлеу міндеттеледі.