Павлодар облысындағы түйнеме бойынша карантин 4 күннен соң аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысындағы түйнеме бойынша карантин 4 күннен соң аяқталады

Павлодар облысындағы түйнеме бойынша карантин 4 күннен соң аяқталады

12 шілде күні басталған Павлодар облысы Ұзынсу ауылындағы карантин 26 шілдеде аяқталады. Бұл туралы бүгін БАҚ-қа арналған брифингте ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау облыстық аумақтық инспекциясының бастығы Рашид Нұрбеков хабарлады.

  • 21 Шiлде 2016
  • 478
Фото - Caravan.kz

Бас инспектордың айтуынша, ауруға байланысты жаңа аурулар тіркелген жоқ. Аймақтағы түрлі себептермен сойылған барлық малдың еттері Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау комитеті ветеринария бойынша ұлттық орталығына жіберіліп отырған.

«Карантин аумағы — Ұзынсу ауылында мал сойылған жоқ, ревакцинациядан кейін тағы 21 күн мал сойылмауы тиіс», — деп атап өтті Р.Нұрбеков. Ертеректе хабарланғандай, жергілікті ветеринариялық қызмет екі мыңнан астам ірі қара мал, қой және шошқаларға ревакцинация жүргізген болатын.

Еске сала кетейік, Павлодар облысындағы түйнеме ауруының жұғуы 8 шілде күні, Ертіс ауылының екі тұрғыны — ер мен әйел ауруханаға келгенде анықталған. Келесі күні тағы бір ер адам ауруханаға түсті. Барлығы Ұзынсу ауылында ветеринариялық тексерусіз сойылған сиыр етін жеген. 100 келіден атам сиыр еті аудан орталығындағы «Майра» дәмханасына өткізілген. 12 шілде күні астаналық мамандар сиыр етінен түйнеме спораларын тауып, Ұзынсу ауылына карантин жарияланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, түйнемемен ауырған ауыл тұрғындары жайлы жаңа ақпарат жоқ. Ауруханаға бірінші түскен ер адам 17 маусым күні қайтыс болды. Екі науқас жұқпалы аурулар ауруханасына ем қабылдауда.


Ертіс аудандық ауруханасында болған барлық 24 пациент үйге шығарылды. 

Соңғы жаңалықтар