Павлодар облысындағы жол апатынан 5 адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысындағы жол апатынан 5 адам қайтыс болды

Павлодар облысындағы жол апатынан 5 адам қайтыс болды

Павлодар облысы Ақтоғай ауданында болған жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты. Бұл туралы аймақтық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 4 Қазан 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға 3 қазан күні сағат 21:10 шамасында Ақтоғай – Шолақсор автожолының 63-ші шақырымында болған.

«ВАЗ-21041» көлігінің 43 жастағы жүргізушісі 47 жастағы жүргізуші тізгіндеп келе жатқан «МТЗ» тракторының тіркемесіне қатты екпінмен келіп соғылған. Жол-көлік апаты салдарынан автокөліктің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы аса ауыр жарақаттар алғандықтан, оқиға орнында көз жұмды», — делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.