Павлодар облысының бұрынғы әкімінің қамақ мерзімі ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының бұрынғы әкімінің қамақ мерзімі ұзартылды

Павлодар облысының бұрынғы әкімінің қамақ мерзімі ұзартылды

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынның қамақ мерзімі ұзартылды. Экс-шенеунік уақытша қамау оқшаулағышында әлі үш ай мерзім өткермек. 

  • 6 Мамыр 2014
  • 278
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Павлодар қаласының №2 сотында айтылды, деп хабарлайды Жетінші арна.
 
Естеріңізге сала кетейік, экс-әкім наурыздың 4-і күні қамауға алынған болатын. Қаржы полицейлерінің мәліметінше, оған бюджет қаржысын қымқырған, қаланы абаттандыруға бөлінген қаржыға қол сұққан және аса ірі көлемде пара алған деген айыптар тағылып отыр.