Жарияланды: 490

Павлодар облысының бұрынғы кеден бекеттерінде тек шекарашылар қалды

1 шілдеден бастап Павлодар облысының барлық бес шекара кеден бекетінде тек шекарашылар ғана қалды,

деп хабарлады Кедендік бақылау департаментінен. Бес бекеттегі 86 қызметкерлердің жартысы Қазақстанның оңтүстік облыстарына - Кеден одағының сыртқы шекарасына қызметке ауыстырылса, тағы 20 қызметкер «Екібастұз», «Ақсу», «Энергетический» ішкі кеден бекеттерінің штаттарына ауыстырылды. Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Шекара қызметі иісшіл иттермен және рентген жабдықтарымен жұмыс істей білетін қызметкерлерді жұмысқа шақырды. Республиканың оңтүстігіне барудан бас тартқан 15 шақты адам қысқартуға ұшырады, бірақ олардың жұмыс тәжірибесі мен білімі басқа жұмысқа тұруларына көмектеседі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін