Шулы іс 3 ай бұрын Арынның кеңесшісінің былығынан басталған. Өңір басшысына «ақыл айтып» жүрген Төлеген Бастенов құрылыс фирмасынан 9 млн теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде ұсталды. Кейін күдік тудырған өзге шенеуніктер де тергеліп, ақыр соңында кезек әкімнің өзіне жетті. Қаржы полициясы оны «демеушілердің ақшасын ұрлады», «пара алды» деп айыптап жатыр. Осылайша, 11 жыл бойы ректор болған Ерлан Арын екі жыл әкімдік қызметінен соң жемқор атанып шыға келді. Енді соңғы шешімді түрмеде күтетін болады.
Әлібек Баратов, Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз хатшысы:
-Қаржы полициясымен тұтқындалған Ерлан Мұхтарұлы Арын Павлодар қаласының №2 сотының қамауға алу жөніндегі санкциясымен 6-шы наурызда уақытша қамау изоляторынан тергеу абақтысына ауыстырылды.