Жарияланды: 470

Павлодар облысының мұражай қорларының жәдігерлері Тұңғыш Президенттің мұражайындағы көрмеде таныстырылады

17 маусым күні Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында Павлодар облысының мұражай қорлары жәдігерлерінің көрмесі ашылады,

деп хабарлады облыстық мәдениет басқармасынан. Көрме ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Болашаққа ұмтылған Қазақстан» өңіраралық жобасының аумағында өткелі отыр. Көрменің үш бөлімінде Павлодардың Ертіс жағалауының байырғы көшпелі өркениеттен бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихы таныстырылмақ. Елордада өтетін көрмеге қою үшін павлодарлық мұражайлар бірегей палеонтологиялық және археологиялық жәдігерлерді іріктеп отыр. Олардың ішінде тарихқа дейінгі кезеңде өмір сүрген мүйістұмсықтың бас сүйегі, сарматтардың темір қылыштары, андрон дәуірінен жеткен қыш ыдыстар, Алтын Орда кезеңінің изразецтері бар. Көрме сондай-ақ өлкенің танымал тумаларымен де таныстырады. Жәдігерлердің ішінде Қаныш Сәтбаевтың, Әлкей Марғұланның, Бұқар Жыраудың, Мәшһүр Жүсіп Көпейдің фотосуреттері, жеке заттары, құжаттары бар. Елордада қазіргі заманғы павлодарлық суретшілердің туындылары да таныстырылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін