Жарияланды: 500

Павлодар облысының қалаларын қоршай тамақ өнімдерін делдалсыз сату бойынша азық-түлік белдеулері құрылады

Павлодар. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының басшылығы мынадай шешім қабылдады: халықты арзан өнімдермен қамтамасыз ету үшін қалалардың маңайында азық-түлік белдеулерін құру қажет. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында облыс басшысы Қайрат Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мемлекет басшысының Астананы айнала азық-түлік белдеуін құру қажет деген тапсырмасы бар. Бұл да Алматының маңайы секілді жақсы сүйеніш. Сондықтан біз де осы идеяны енгізуді жөн деп таптық", - деп атап көрсетті Павлодар облысының әкімі. Оның айтуынша, қазір осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. "Әкімдіктің алдағы отырысында біз осы азық-түлік белдеулерін құру бағдарламасын қарастырып көреміз. Олар үш жерде басты өнеркәсіп орталықтары - Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының маңында орналасады", - деді Қ. Нұрпейісов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін