Жаңа мектептің ашылу рәсімі 9-қазан, бейсенбіде өтті. Құрылысты салуға арналған 25 млн. теңге Павлодар облысы әкімінің резервінен шығарылды. Жаңа мектепте барлығы 68 бала, соның ішінде 10 бірінші класс оқушысы оқиды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биылғы жылдың 12-сәуірінде электр желісінің қызып кетуі салдарынан мектеп ғимаратында өрт шыққан болатын. Мектеп қызметкерлері, ауыл тұирғындары мен өрт сөндірушілер тарапынан қолданылған жедел шараларға қарамастан мектеп ғимаратын тілсіз жау тып-типыл еткен. Өрт сабақ басталардан жарты сағат бұрын басталғандықтан, оқушылар зардап шеккен жоқ. Өрттен кейін жаңа ғимарат ашылғанға дейін оқушылар ауыл клубының ғимаратында оқыды. «Мектептегі оқу бір күн де үзілген жоқ»,- дейді Лебяжы аудандық әкімшілігіндегілер.
Шоқтал ауылында 400-ден астам адам тұрады.