деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.
«Қазком» шәкіртақысы ЖОО-да екі-үш жыл білім алып, түрлі себептермен қиын материалдық жағдайға ұшыраған талантты студенттерді қолдау үшін құрылды.
Шәкіртақыны тағайындау үшін кандидаттарды грант комиссиясы анықтады, оның құрамына ректорат, ЖОО-ның ғылыми және студенттік кеңестерінің өкілдері кірді.
«Қазкомның» жылдық шәкіртақысы — 180 мың теңге. Оны Қазақстанның 19 оқу орнының 50-ге жуық студенті — аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, жетімдер алуда.