Павлодар полицейлері оқушы қыздың өліміне байланысты сот-медициналық сараптама нәтижелерін хабарлады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар полицейлері оқушы қыздың өліміне байланысты сот-медициналық сараптама нәтижелерін хабарлады

Павлодар полицейлері оқушы қыздың өліміне байланысты сот-медициналық сараптама нәтижелерін хабарлады

Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі БАҚ өкілдерін Евгеньевка ауылындағы 14 жастағы мектеп оқушысының өліміне байланысты жүргізілген сот-медициналық сараптама нәтижелерімен таныстырды.

  • 10 Желтоқсан 2013
  • 783
Фото - Caravan.kz


Осыған дейін хабарланғандай, 21 қазан күні қыз бала сабақтан кейін үйіне қайтып келмеген. Оны екі апта бойы полиция қызметкерлері, еріктілер мен ауыл тұрғындары іздеді. Жасөспірімнің мәйіті үйінен 250 метр жерде құрылыс алаңындағы арықтан табылған. Осы іске қатысты полиция 20 жастағы ауылда тұратын жас жігітті ұстады. Ол өз кінәсін мойындап жауап берді. Кешенді сот молекулалы-генетикалық сараптама мен талшықты материалдар мен бұйымдарды ҚР Әділет министрлігінің сот сараптама орталығы тексерді. Зардап шеккен Анастасия Шарипованың ДНК мәліметтері мен айыпталушының қолғабынан жапа шегушінің күртесінің талшықтары табылған. Осы қолғаптан табылған ДНК қоспасы мерт болған қызға тиесілі екендігі анықталды.