Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Қазақстан азаматтығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Қазақстан азаматтығынан айрылды

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Қазақстан азаматтығынан айрылды

Павлодар. 15-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шетел азаматтығын иеленгені анықталған Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Вячеслав Руф Қазақстан азаматтығынан айрылды. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатында Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Сырым Рушанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 15 Ақпан 2008
  • 625
Фото - Caravan.kz

«В. Руф ІІМ басшылығының қабылдауында болып, шетел азаматы екендігін мойындаған және еліміздің уақытша тіркеу куәлігін алуға көмектесуін сұраған», — деп хабарлады подполковник Рушанов.

Айта кетерлік бір жайт, В. Руф осыған дейін өзінің өзге елдің азаматы екенін толықтай жоққа шығарып келген. Сонымен қатар, көші-қон қызметінің іс-әрекетін оның Павлодардағы бизнесін рейдерлік басып алу әрекеті деп атаған болатын. Дәлел ретінде ол Омбы Орталық әкімшілік округінен «Ресей Федерациясында құжат рәсімдемеген» деп көрсетілген анықтаманы тілшілерге ұсынған.

«Біз Омбы облыстық федералдық көші-қон қызметі басқармасынан ресми жауап алдық. Онда 2007 жылдың 2-наурызында Омбының Орталық әкімшілік округінде В. Руфтың атына Ресей Федерациясының төлқұжаты дайындалғандығы, алайда оның В. Руфке берілмегені және бүлінген ретінде жойылғаны атап көрсетілген», — деді В. Рушанов.

Оның айтуынша, бұл құжат В. Руфқа Ресей Федерациясының азаматының төлқұжатын беру себебі болғанын ресми түрде дәлелдейді. Төлқұжат дайындалған. Омбы облыстық федералдық көші-қон қызметі басқармасы В. Руф ұсынған анықтаманы жасанды деп таныды.

Сонымен қатар, бұрын хабарлағанымыздай, қосымша тексерулер барысында көші-қон қызметі В. Руфтың Германия Федеративтік Республикасының азаматы екенін де анықтаған.

В. Руф өзінің шетел азаматы екенін жасыра отырып, депутаттық мандатты алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма деген сауалға С. Рушанов «бұл тергеу органдарының қызметі», — деп жауап берді.

Сонымен бірге, ол Павлодар облыстық көші-қон қызметі «В. Руфтың билік өкілдерінің атына жасаған айыптаулары үшін моральдық шығынды өндіріп алу құқын өздеріне қалдыратынын» хабарлады.

36 жастағы В. Руф Павлодар қаласының шұжық және сүт өнімдерін өндіретін ірі «Рубиком» компаниясының қожайыны болып табылады. Ол Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынып, 2007 жылдың 18-тамызындағы сайлау қорытындысы бойынша депутаттық мандатқа ие болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті