Жарияланды: 480

Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды

Павлодар қаласының атқамінерлеріне қаланың жаңа әкімі Бәкір Демеуов таныстырылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

14-маусымда қаланың бұрынғы әкімі Қайрат Нұрпейісов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалғаннан бері бұл орынтақ үш ай бойы бос тұрды. Б.Демеуов Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. Ол Алматыдағы халықшаруашылығы институтында экономист мамандығы бойынша жоғары білім игерген. Еңбек жолын Баянауыл ауданының қаржылық бөлімінде бастады. Соңынан ол Павлодар облысының салық және қаржылық құрылымдарында жұмыс істеді. Атап айтсақ, Павлодар облыстық қаржылық бақылау басқармасының бастығы, Павлодар қаласы қаржы басқармасының бастығы тәрізді қызметтер атқарды. Соңғы уақытта 44 жастағы Бәкір Демеуов Павлодар облысы әкімінің экономика жөніндегі орынбасары болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін