Павлодар қаласында жер үйде болған өрт салдарынан 3 адамнан тұратын отбасы опат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар қаласында жер үйде болған өрт салдарынан 3 адамнан тұратын отбасы опат болды

Павлодар қаласында жер үйде болған өрт салдарынан 3 адамнан тұратын отбасы опат болды

Павлодар. 22 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар қаласында жер үйде болған өрт салдарынан арасында 5 айлық сәби де бар 3 адамнан тұратын отбасы мерт болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстың Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі департаментіне сілтеме жасай отырып.

  • 22 Шiлде 2008
  • 418
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, жер үйді өрт шалғаны туралы хабар кеше таңғы сағат 07.57-де келіп түскен. Өрт сөндіруге 3 өрт сөндіру машиналары жұмылдырылған.

Өрт сөндіру барысында үш адамның мәйіті табылған. 46 жастағы үй иесі, оның 22 жастағы әйелі және олардың 5 айлық сәбиі табылды, деп атап көрсеткен өрт сөндіру қызметі департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті