Жарияланды: 450

Павлодар тұрғындары Оңтүстік Осетиядағы әскери іс-қимылдардан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинастыруда

Павлодар. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда әскери іс-қимылдардан зардап шеккен Оңтүстік Осетия тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау акциясы басталды. Бұл туралы кеше "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Жас Отан" жастар қанатының Павлодардағы атқарушы хатшысы Руслан Рақымжанов хабарлады.

"Бізге Оңтүстік Осетия аумағында әскери іс-қимылдар құрбаны болғандарға көмек көрсеткісі келетін азаматтардан көптеген өтініштер келіп түсе бастады. Адамдар шын жүректен көңіл айтып, зардап шеккендерге көмек көрсетуді қалайды", деді ол. Оның айтуынша, Павлодарлықтар жылы киім, аяқ киім мен көрпешелер және басқа да хаттарды алып келіп өткізуде. "Қазірдің 100 келіден астам зат жиналды. Сонымен қатар, облыс ұйымдары мен кәсіпорындарының көмегін пайдаланды. Компания иамақ өнімдерін, консерв пен су жеткізуге дайын", - деді Р. Рақымжанов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть