Павлодар тұрғыны досының атынан жасырын түрде 14 несие алған - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар тұрғыны досының атынан жасырын түрде 14 несие алған

Павлодар тұрғыны досының атынан жасырын түрде 14 несие алған

Павлодар тұрғыны досының атына жасырын түрде 14 несие рәсімдеген.

  • 25 Қыркүйек 2020
  • 43
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар полициясына өзінің атынан белгісіз біреудің 2 млн 500 мың несие ашып алғанын айтып ер адам шағымданды. Ер адам өзінің несиесі барын банктен хабарласып, төлем жасауды сұраған кезде ғана білген. Бұл жаңалық ер адамды таңғалдырған.

"Тергеу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған күдіктіні анықтады және ұстады, ол өзінің кінәсін мойындады. Бұл жәбірленушінің ең жақын досы болып шықты", — дейді полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Былтыр зардап шегуші досынан карта ашып беруді сұраған. Күдікті де келісе кеткен.


Досының жеке деректерін біліп алған күдікті банк картасы арқылы 14 несие рәсімдеген. Ол алған ақшасын букмекерлік компанияға салып тастаған.

Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты 190-баптың 2-бөлімі, 4-бөлім бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар