Павлодар түрмесінде жазасын өтеп жатқан камерундықтар қазақша ән шырқады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар түрмесінде жазасын өтеп жатқан камерундықтар қазақша ән шырқады

Павлодар түрмесінде жазасын өтеп жатқан камерундықтар қазақша ән шырқады

Қазақша ән шырқаған камерундық алаяқтар! Павлодар түрмелердің бірінде жазасын өтеп жатқан қара нәсілді қос жігіт уақытты отандық эстрада жұлдыздарының хиттерін жаттаумен өткізіп жатыр. Атышулы африкалық алаяқтар АП 162/2 түзеу мекемесіне жалған ақша жасаймыз деп түскен. Қолы жылдам пысықайлар темір торда да босқа жатпайды екен. Бір жыл ішінде сотталушылардан құралған «Достар» ансамблінің ұжымына қабылданыпты. 

  • 17 Шiлде 2015
  • 332
Фото - Caravan.kz

-Қызыл өрік, қызыл өрік,

-Сүйiп қалдым мен сенi көрiп,

-Қызыл өрік, қызыл өрік,

-Қойшы маған көңіл бөліп.

АП 162/2 мекемесінде жазасын өтеушілердің арасында мына екі азамат ерекше көзге түседі. Камерундықтар бір жыл бұрын алаяқтық жасағаны үшін құрықталып, 6 жылдан арқалаған. Қамауда отырған қара нәсілді азаматтар жай жатпай, қазақша ән жаттап, тіл сындырып жүр екен. 

-Аспанға қараймын,

Жұлдызды санаймын,

Сол жұлдыздың ішінде

Сен жоқсың арайлым.

36 жастағы Кристиан өз елінде маркетинг саласында қызмет еткен. Қазақстанға досымен бір жыл бұрын жұмыс бабы бойынша келгенін айтады. Былтыр сәуір айында жалған ақша жасағаны үшін Алматыда құрықталған.

Нангу Нгуну Кристиан Семплис, сотталушы:

— Әйелім мен үш балам бар. Кенжем бір жастан енді ғана асты. Олардың өсіп-жетілгенін қамауда болғандықтан көре алмаймын.

Кристианның сыбайласы 34-тегі Ону алты бірдей тілді жетік біледі екен. Қазақстанға аудармашы ретінде жұмыс істеуге келген. Енді түрмеде жатып қазақ, орыс тілдерін меңгеруде. Домбыра шертуді де үйренгісі келеді.

Нгену Тепонг Ону Парфе,
сотталушы:

— Досым осында болды, мен басқа мекемеден осында ауыстырылдым. Өзге елде серігің қасында болғаны жақсы әрине. Қазір өнерге өзімізше үлесімізді қосудамыз. Домбыра тартуды да үйренбекшімін.

Африкалық екі алаяқ осындағы сотталушылардың өнер ұжымына да кіріпті. Былтыр ашылған «Достар» ансамблінің құрамында қазірде он адам бар. Қазақ, орыс, корей, еврей және екі камерундық.

Ербол Шәріпов, АП 162/4 түзету мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі бөлім басшысы:

-Камерундықтар 2014 жылы келгенде біз таң қалдық. Бұлармен қалай жұмыс істейміз, қандай шаралар өткіземіз деп. Сотталушылармен сөйлесіп, концерттерге қосып, оларға «Достар» деп атын қойдық. Алдағы уақытта басқа мекемелерге барып концерттер қоямыз ба деген жоспар бар.

Мекеме қызметкерлері мәдени шаралардың сотталғандардың тәрбиесіне оң әсер тигізгенін айтады.Ал камерундықтар жақсы тәртібі үшін мерзімінен бұрын босап, отанына оралуды армандайды.