Жарияланды: 400

Павлодар жол полициясының қызметкерлері жолаушы тасымалдаушы көлік жүргізушілерінің арасынан жалғыз күнде 36 тәртіп бұзушыны ұстады

Павлодар жол полициясының қызметкерлері жолаушы тасымалдаушы көлік жүргізушілерінің арасынан жалғыз күнде 36 тәртіп бұзушыны ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ жол полициясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Жолаушы тасымалдаушы көлік жүргізушілерінің жұмысына бақылау қою мақсатымен Павлодарда бік күндік рейд жүргізілген. Нәтижесінде жолаушы тасымалдаушы көлік құралдары- автобустар мен микроавтобустардың 36 жүргізушісіне қатысты әкімшілік материалдар жинақталды. Әрбір тәртіп бұзушыға 872 теңге көлемінде айыппұл салынды. Павлодар облыстық ІІБ жол полициясының баспасөз қызметінен хабарлауынша, жүргізушілер көбінесе жол қозғалысының тәртібін бұзған. Ал кейбір жағдайларда олар басқаратын көліктердің техникалық ахуалы талаптарға сай келмеген. Сондай-ақ, жолаушы тасымалдаушы көлік құралдарының жүргізушілерінде сол бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қажетті құжаттар болмай шыққан. Рейд нәтижесінде екі автобус маршруттан алынды. "Бұған дейінгі рейдтермен салыстырғанда жолға мас күйінде шығу оқиғасы мүлдем тіркелген жоқ",- дейді баспасөз қызметіндегілер.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін