Павлодарда 30 метрлік шыршаны орнату кезінде екі жұмысшы ауыр жарақат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда 30 метрлік шыршаны орнату кезінде екі жұмысшы ауыр жарақат алды

Павлодарда 30 метрлік шыршаны орнату кезінде екі жұмысшы ауыр жарақат алды

Павлодарда жаңа жылдық шыршаны орнату кезінде екі адам биіктен құлап, мертігіп қалды. Ауруханаға дереу жеткізілген қос жұмысшының бірі әрең есін жиса, екіншісі әлі ауыр хәлде жатыр. 

  • 28 Қараша 2013
  • 301
Фото - Caravan.kz


Әдеттегідей, Тәуелсіздік күнінен бұрын жаңа жылды ойлайтын шенеуніктер жанталаса қамданып, 30 метрлік бас шыршаның шамын желтоқсанның бірінде жағуды жоспарлаған екен. Асыққандықтан автокранның қозғалтқыш тетіктерінен ақау шығып, жұмысшылар 13 метрлік биіктіктен жүк көтергішпен бірге құлапты.Жарақат алған 36-37 жастағы жігіттердің бірі ауыр жарақатпен травмотология бөлімшесіне ауыстырылса, енді бірі әлі есін жимаған.