Павлодарда 5 жарым миллион теңге тұратын қоғамдық дәретхана құнын ақтамады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда 5 жарым миллион теңге тұратын қоғамдық дәретхана құнын ақтамады

Павлодарда 5 жарым миллион теңге тұратын қоғамдық дәретхана құнын ақтамады

Керекуде құны 5 жарым миллион теңге тұратын қоғамдық дәретхана құнын ақтамады. Қазір ол бұзақылардың ермегіне айналған.

  • 16 Қаңтар 2019
  • 55
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Астана" арнасына сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жергілікті билік соңғы кезде қалада вандализм деректері жиілеп кеткенін айтады. Қала бюджетінен қомақты қаржы бөлінген әжетхана орталық жағалау аумағына қойылған еді. Белгісіз біреулер есігін бұзып, ішіндегі заттарды сындырған. Салдарынан дәретхананың іші көк мұзға айналған. Нысанның қараусыз қалуының себептерін әкімдіктегілер былай түсіндірді.

Арман Құсайынов, Павлодар қалалық ТҮКШ бөлімнің бас маманы:

Қазіргі уақытта дәретханаларды коммуналдық меншікке өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан кейін тазалау шаралары да қолға алынады. Қазір қалада 3 модульдік және 5 соционарлық әжетхана бар. Вандализм деректерінің желіліне байланысты модульдік дәретханалар апатты жағдайда.

Еске салсақ, бағасы 5 жарым миллион тұратын бұл дәретхана 2016 жылдың соңында қойылған. Әжетхананың 3 кабинасы бар ортаңғысы ақша жинап, ішкі жағдайға жауап беретін күзетшіге арналған. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін дәретханаға коммунальдық желілерде тартылған еді. Кіріп-шығудың құны әуелде 20, кейін 50 теңге деп белгіленген.