Әділет басқармасында өзінен пара талап етіп отырғанын айтып бір кәсіпкер облыстық ішкі істер басқармасына шағым түсіреді. Бұл өтініш Павлодар облыстық ішкі істер басқармасының 9-басқармасына жолданады. Сөйтіп әділет басқармасы бөлімдерінің бірінде бөлім бастығының міндетін атқарушы болып шыққан әлгі парақор дәл ақша алып жатқан жерінен қолға түсті. Сөйтсе ол құжаттарды жедел тіркетіп беру үшін кәсіпкерден 6 мың теңге талап еткен көрінеді.
Осыған байланысты күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің «Пара алғандығы үшін» деген 311-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Павлодар облыстық ішкі істер басқармасы 9-басқармасының бастығы Хафиз Жәншібековтың айтуынша, жыл басынан бері парақорлығы үшін айыпталып 8 мемлекеттік қызметкер полицияның құрығына іліккен көрінеді. Осындай соңғы қылмыстық іс бір ай бұрын кеден қызметкерінің үстінен қозғалыпты.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр