Павлодарда әлеуметтік маңызды жастар жобаларына конкурс жарияланды
Павлодарда «Біз -Еуразия балалары» жастар ұйымы мен ішкі саясат бөлімі жариялап отырған конкурс жастарды әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге жұмылдырады, |
деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Бұл конкурсқа 14 бен 29 жастың арасындағы жастар, павлодарлық жастар ұйымдары шақырылып отыр. Оларға жемқорлыққа қарсы күресу және гендерлік теңдікті дамыту жобаларын әзірлеу ұсынылуда. Жеңімпаздардың бес жобасын жүзеге асыруға әрқайсысы 100 мың теңгеден гранттар бөлінеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін