Павлодарда белсенділер жол сақшыларымен жаға жыртысты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда белсенділер жол сақшыларымен жаға жыртысты

Павлодарда белсенділер жол сақшыларымен жаға жыртысты

Павлодарда белсенділер жол сақшыларын жөнге салмақ болды. Ресейлік жастардың бастамасымен құрылған «СтопХам» бірлестігінің мүшелері полицейлермен сөзге келіп, жаға жыртысып қалған.

  • 18 Наурыз 2014
  • 273
Фото - Caravan.kz


Белсенділердің ашуына мына қызметтік көліктің жол бойында тоқтауы түрткі болды. Полицейлер тәртіп бұзған жүргізушіні тоқтатып, хаттама толтырып жатқанда, соңынан аңдығандар жолдан ығысуларын талап етіпті. Бір-бірімен жұлқыласып тынған соң, Николай Шеметов деген белсенділердің бірі полицейлерден «таяқ жедім» деп арыз түсірген. Әйтсе де, дәл сол сәттің әуесқой түсірілімнен көрініс таппағаны күмәнді. Ауруханаға бетін басып жеткен 24 жастағы арызданушы жағын рентгенге түсіріп, айғақтармен «қаруланып» алған. Енді басқа елден бізге ереже үйретуге келгендердің жағдайы сот сараптамасынан кейін белгілі болмақ.