Павлодарда бір апта бұрын жоғалып кеткен оқушы қыз әлі табылар емес - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда бір апта бұрын жоғалып кеткен оқушы қыз әлі табылар емес

Павлодарда бір апта бұрын жоғалып кеткен оқушы қыз әлі табылар емес

Ал Павлодар облысында осыдан бір апта бұрын жоғалып кеткен қыз әлі табылар емес. 8-ші сынып оқушысы Анастасия Шарипованы іздеуге қазір еріктілермен қоса жергілікті оқу орнының курсанттары да тартылуда.

  • 30 Қазан 2013
  • 268
Фото - Caravan.kz

Қазір іргелес ауылдар түгел қайтара тінтіліп жатыр. Тіпті адам аяғы баспаған батпақты жерлерге де иісшіл иттерді жіберіп, іс кесуге талпыныпты. Еріктілероқушы қызды көкөніс тасымалдағандар алып кетуі мүмкін деген болжам жасауда. Себебі картоп жинау науқанында шеттен кіріп-шыққан көліктер көп болыпты. Жоғалған қызды іздеп едәуір әуреге түскендар ақырында ауыл маңын әуеден де барлап шықты. Алайда әлі нәтиже жоқ.


Азат Оразбаев, волентер:

— Қазір біздің тас-түйін болып жұмылғанымыз жөн. Менің де кішкентай қызым бар. Егер бұл жағдай басыма түссе, мен де көпшіліктің көмегіне жүгінер едім.