Мына таспаны тұрғындар түн ортасында түсірген. «БМВ-X5» бір сағатқа жуық лапылдап, от ауладағы ағаштарға ұласып кете жаздады.Сол жағында сытырлап жанған су жаңа «Лада-приораны» енді тек темір-терсекке тапсыруға болады. Жол талғамайтын көліктің иесі тергеушілерден қасақа өрт қойылды деген болжамды естісе, өзге тұрғындар жалынның алдымен қасындағы жеңіл көліктен шыққанын айтады. Жапа шеккендер қазір сараптама нәтижелерін күтіп отыр.