Павлодарда браконьерлерге 900 мың теңгеге айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда браконьерлерге 900 мың теңгеге айыппұл салынды

Павлодарда браконьерлерге 900 мың теңгеге айыппұл салынды

Заң бұзушылардан 53 браконьерлік құрал, оның ішінде 6 қайық, 45 аулау құралы мен екі қайық моторы және 327 келі балық тәркіленді.

  • 3 Маусым 2021
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы «Уылдырық шашу — 2021» және «Таза су айдындары» табиғат қорғау акцияларының қорытындылары туралы» атты баспасөз конференциясында мәлім болды. 

«Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ басшысының орынбасары Нұржан Қазтайдың айтуынша, Павлодар облысының аумағында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы 2021 жылдың 24 сәуірі мен 31 мамыры аралығында өтті.  Акция барысында балық аулауға тыйым салынды. 

— Жыл басынан бері өткізілген рейдтік шаралардың нәтижесінде су айдындарында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 48 дерегі тіркелген. Оның ішінде 33 дерек уылдырық шашу кезеңінде анықталды. 48 әкімшілік хаттама толтырылып, 900 мың теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды. Заң бұзушылардан 53 браконьерлік құрал: 6 қайық, 45 аулау құралы мен екі қайық моторы және 327 келі балық тәркіленді, – деді Нұржан Қазтай.


Спикердің айтуынша, акцияға жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың  мамандары қатысты. Сонымен қатар, өзен аумағынан 7,5 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар, тұрмыстық қоқыстар мен 3 қараусыз қалған тор шығарылды.  

Айта кетсек, бұл акция жануарлар әлемін пайдаланушылар есебінен өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар