Жарияланды: 490

Павлодарда екі адамды өлтірген қанішер әйел 24 жылға бас бостандығынан айрылды

Павлодарда екі адамды өлтірген қанішер әйел 24 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Павлодар облыстық сотынан KZ-today тілшісіне хабарлады.

2002-жылдың желтоқсан айында Ақсу қаласынан Ресейге көшуге әзірленіп жатқан бір әйелдің үйіне келген Павлодарлық бір жас әйел өзін пәтерді сатып алушы ретінде таныстырады. Пәтердің әйел- қожайынымен баға туралы пәтуаға келген әлгі адам Павлодарға оралуға уақыттың кешкіргенін алға тартып, сол үйде қона кетуге сұранады. Таңертеңгісін пәтердің әйел- қожайынын буындырып өлтірген қылмыскер ондағы ақша мен видеоаппаратураны тонап алып Павлодарға оралады. Бірақ полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар арқасында күдіктіні тауып ұстап алды. Тұтқындап, саусақ таңбаларын алу нәтижесінде әйелдің Павлодардағы тағы бір осындай қылмысқа қатыстылығы анықталған. Павлодар облыстық сотының шешімімен, дүние-мүлкін тәркілетіп, 24 жылға бас бостандығынан айрылған кісі өлтіргіш әйел ендігі жерде жазасын жалпы тәртіпті абақтыда өтейтін болады. Қылмыскердің екі баласын қазір әкесі тәрбиелеп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть