Павлодарда Елорда күні тойланып жатыр
Павлодарда бүгін Елорда күнін тойлауға арналған «Астана - алтын қалам!» мерекелік шарасы басталады. |
Бұл туралы ішкі саясат басқармасынан хабарлады.
Мерекелік шара «Құлагер» ипподромында өтетін «Жігіт сұлтаны» конкурсымен ашылады. Ал Қ.Әбусейітов атындағы мәдениет орталығы жас павлодарлықтарды «Армысың, Елорда!» тақырыптық бағдарламасына шақырып отыр.
Мерекелік іс-шараны ертең өзен жағалауында өтетін спорттық жарыстар жалғастырады. Онда барлық жастағы әуесқойлардың арасында жүгіру өтеді, футбол мен волейбол турнирлері, армреслингтен, кір тасын көтеруден жарыстар болады.
Балалар саябағында «Ертегі-қала» ойын-сауық бағдарламасы, жас суретшілердің «Жайнай бер, Астана!» көрмесі және «Менің елім - Қазақстан» конкурсы өтеді.
Ал кешке орталық алаңда Астана туралы әндердің фестивалі, халық серуені және жастардың би кеші болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін