Павлодарда Ертіс екінші рет тасып, жағажайды су басты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда Ертіс екінші рет тасып, жағажайды су басты

Павлодарда Ертіс екінші рет тасып, жағажайды су басты

Шілде айында өзен суының тасуы Павлодар облысы үшін сирек құбылыс. Мамандар бүгінгі таңда су деңгейінің жарты метрге көтерілгенін айтады.

  • 5 Шiлде 2016
  • 500
Фото - Caravan.kz

Сонау Қытай елінен бастау алатын Қара Ертістің арнасынан асып-тасуына жауын-шашынның шамадан тыс көп болуы себеп болған. Осының салдарынан Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма және Шүлбі су қоймалары суды ағызуға мәжбүр. Бүгінгі күні Шүлбі су қоймасынан орташа есеппен секундына 2500 текше мерт су жіберілген. Бұқтырма да лық толып, судың көлемі 49404 миллион текше метрге жеткен. Мамандардың айтуынша, Ертістің тасуы қоршаған ортаға зиянын тигізбейді. Керісінше, өзен акваториясында балықтардың көбеюіне жағдай тудырып, Ертіс қойнауындағы шабындықтарға оң әсерін тигізеді.

— Ертістің екінші  рет тасуы – тарихта бұрын-соңды болмаған оқиға. Біз өткен ғасырдың 60-жылдарындағы мұрағаттық материалдарды мұқият зерттедік. Бүгінгі таңда өзен суының деңгейі 681 сантиметрге жетті. Бұл тұрғындар үшін қауіпті емес. Біздің болжамымыз бойынша бір аптаның ішінде су деңгейі төмендейді, дейді «Қазгидромет» облыстық филиалы директорының орынбасары, Серік  Мұстафин.


Соңғы жаңалықтар