Павлодарда кәсіпкердің жасыл желекті отап, орнына элиталық үй салуына қарсы - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда кәсіпкердің жасыл желекті отап, орнына элиталық үй салуына қарсы

Павлодарда кәсіпкердің жасыл желекті отап, орнына элиталық үй салуына қарсы

Павлодарда элиталы тұрғын үй салу үшін жасыл желекті отап тастады. Ал мұндағы теректің бәрін өздері баптап өсірген тұрғындар құрылысшылардың бұл әрекетіне наразы. Айтуларынша, құрылыс мекемесінің ағаштарды шауып, орнына үй салуға қажетті құжаттан жұрдай көрінеді. Оны шенеуніктер де растағанмен, құрылысты тоқтатуға қауқарсыз болып отыр. 

  • 13 Тамыз 2013
  • 357
Фото - Caravan.kz

Құрылыс алаңын қоршап, күзет қойылғанына қарамастан, тұрғындар жасыл желектің оталғанына қарсы шықты. Екі апта бұрын басталған жұмыс әсіресе қас қарайған сәтте қыза түседі дейді наразы топ.

Мүсілмамбек Жоламанов, Павлодар қаласының тұрғыны:

— Белгісіз адамдар келіп, қамал салып, күллі топольдарды, өсімдіктерді, бәрін кесіп шауып тастады, оны түнде келіп шабады, түнде келіп алып кетеді. Бұл не қылған бассыздық дүние?

Мұндағы 30-40 шақты ағашты тұрғындардың өздері егіп, баптап өсірген кезінде. Енді саялы жерден айырылғандар жасыл желектің орнын көпқабатты тұрғын үй басатынына наразы. Ол аздай, өрт шыға қалса, техника өтетін жол да қалмапты. Ал құрылыс иесі тілшілермен кездесуден бас тартты. Тек күзетшісі шығып, бәрі заңды жүріп жатыр деп бой бермеді.

Қабиден Қозғанбаев, күзетші:

— Бұл жердің рұқсат қағаздары бәрі бар ма?

— Рұқсат қағаздары бәрі бар. Енді ол рұқсат қағаздар болмаса, бұл жерде үй салына ма, құрылыс жүре ме?


— Көрсете аласыз ба?

—  Енді қазір мен көрсете алмаймын, оның бәрі бастықтарда.

Белгілі болғаны, кәсіпкер құрылысқа қажетті рұқсат қағаздарды тиісті мекемелерден алып үлгермеген. Солаған қарамастан құрылыс алаңын қоршап, жасыл желекті отап тастады.

Темір Айдарханов, Павлодар қаласының сәулет және құрылыс бөлімінің жетекшісі орынбасары:

— Кәсіпкер эскиздік жобаны ұсынды. Қазір қарастырып жатырмыз, соған сәйкес рұқсат беріледі не берілмейді. Ал жер – жеке меншік иелігінде.

Дегенмен жергілікті билік жердің иесі онда не істесе де өз еркі деп отыр. Бірақ мемлекетке тиесілі болған, әрі су қорғау аймағында орналасқан жер телімі қалайша жеке меншікке өтіп кеткені беймәлім. Сондықтан енді бұл іске прокуратура араласпақ.