Жарияланды: 420

Павлодарда "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнпарақтары табылды

Павлодарда "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнпарақтары табылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Облыстық құқық қорғау органдарындағы сенімді ақпарат көзінің хабарлауынша, үнпарақтар Орталық мешіт пен С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университет ғимаратында, сондай-ақ, қала көшелерінде таратылған. Қазіргі жағдаймен оншақты үнпарақтар табылып отыр. Оларды таратушылардың аты-жөні әзірге белгісіз. Ақпарат көзінің айтуынша, жекелеген үнпарақтарда ұлтаралық және дінаралық араздықты туғызуға бағытталған үндеулер, нәсілдік, ұлттық және әлеуметтік тобына қарай азаматтардың бір-бірінен артықшылығын немесе кемдігін уағыздайтын үндеулер жарияланыпты. Үнқағаздар Павлодарға еліміздің оңтүстік аймақтарынан әкелінген деп саналуда. Бұл - исламдық экстремистік сипаттағы "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнпарақтары табылған Павлодардағы алғашқы жағдай емес. Осыдан үш жыл бұрын Екібастұзда діндар жастар арасында қазіргі конституциялық құрылымды көпе-көрнеу жоюға шақыратын үндеулер жарияланған басылымдарды таратып жүрген кавказ текті ер адам ұсталған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін