Павлодарда колония қызметкеріне пара берген ер азамат ұсталды
Павлодар облыстық ҚАЖ департаметінің АП -162/5 мекемесінде ер азамат түрмеде тыйым салынған заттарды дуал асырып лақтырып жіберу, немесе біреу арқылы беріп жіберуге септігін тиігізуін өтініп, колония қызметкеріне пара бергені үшін ұсталды. |
«Бұрын ол түрмеге арақ лақтыруға әрекеттенгені үшін әкімшілік жазаға тарлытған. Одан соң ол біздің қызметкерге Т15 мың теңге ұсынып, бұдан былай лақтырған заттарды «көрмей-ақ қоюын» сұраған. Ол үнемі ақша беріп тұруды ұсынған», - деп жұма күні АП -162/5 мекемесінің бастық орынбасары Юрий Дзоз мәлім етті.
Қаражатты беріп жатқанда ол азамат колония қызметкерлері мен қаржы полициясының өкілдерімен қолға түсті. Ю. Дзоздың айтуынша, бұл колония қызметкерлерін дискредитациялаудың биылға бірінші әрекеті.
Аталған факті бойынша қылмыстық тіс қозғалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін