Жарияланды: 460

Павлодарда көп қабатты тұрғын үйлердің 68% жылыту маусымына дайын

Павлодар. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда көп қабатты тұрғын үйлердің 68%, немесе 890 үй жылыту маусымына дайын, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен әлеуметтік сала нысандарының қысқа дайындық деңгейі қалалық әкімдіктің отырысында талқыланды. "Қазіргі жағдаймен облыс орталығында 805 тұрғын үй ыстық сумен қамтамасыз етілген, бұл 71% тең. Денсаулық сақтау саласындағы 40 нысаннан жылыту маусымына 34 (85%) дайын. Биыл емхана мен №1 аурухананың, жедел жәрдем станцисының, №7 дәрігерлік амбулаторияның күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды", - деп хабарлайды әкімдіктегілер. Білім беру саласындағы 96 нысаннан жылыту маусымында жылу пайдалану рұқсатына 91 нысан (95%) ие болды. Қаланың ауылдық аймағындағы бес мектепге арнап 220 тонна көмір сатып алынды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін