Павлодарда көп қабатты үйлердің 99 пайызы жылуға қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда көп қабатты үйлердің 99 пайызы жылуға қосылды

Павлодарда көп қабатты үйлердің 99 пайызы жылуға қосылды

Павлодар. 15-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда 1314 көп қабатты үйдің 99 пайызы жылуға қосылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және көлік жолдары бөлімінен хабарлады.

  • 15 Қазан 2007
  • 410
Фото - Caravan.kz

«Павлодардың жылу желісі» АҚ кестесіне сәйкес, тұрғын үйлерді жылуға қосу 2-қазанда басталған. Коммуналдық қызметтің мәліметтеріне сүйенсек, 12-қазандағы жағдаймен 13 үй жылусыз қалып отыр. Бірақ олар жылумен қамтамасыз ету желісіне 15-қазанға дейін қосылатын болады, деп сендірді «Павлодардың жылу желісі» АҚ.

Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, облыс орталығындағы ішкі су жылыту жүйесі бар 1129 тұрғын үйдің 1114 (99 пайызы) ыстық сумен қамтамасыз етілген.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және көлік жолдары бөлімінің ақпараттарына сүйенсек, бүгінде жылуға облыс орталығындағы білім беру және денсаулық сақтау нысандарының 100 пайызы қосылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті