Павлодарда мемлекеттік тіл үйрететін жаңа балабақша ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда мемлекеттік тіл үйрететін жаңа балабақша ашылды

Павлодарда мемлекеттік тіл үйрететін жаңа балабақша ашылды

Павлодар. 21-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда мемлекеттік тіл үйрететін жаңа балабақша ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 22 Қараша 2007
  • 608
Фото - Caravan.kz

Павлодардың білім беру бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, облыс орталығының Усольский ықшамауданында ашылған № 10 жаңа балабақша қалада соңғы 15 жылда салынған мектеп жасына дейінгі алғашқы мекеме болып табылады.

Мекемедегілердің хабарлауынша, оны салуға және жабдықтауға республикалық бюджеттен 250 млн теңге бөлінген.

Балабақшаның ашылу салтанатына қатысқан қала басшысы Бәкір Демеуов, Павлодардағы мектепке дейінгі білім беру саласындағы бюджеттік шығынның көлемі тек 2006 жылмен салыстырғанда 39 пайызға өскендігін және оның облыс орталығындағы балабақша проблемаласы шешілгенге дейін өсе беретіндігін атап өтті.

«Ең алдымен балабақшалар, мектептер, ауруханалар салу қажет; мемлекеттік міндет, мемлекеттік мақсат бар — Қазақстандағы әлеуметтік сала дүниежүзілік стандарттар деңгейіне шығуға тиіс, сондықтан да балабақшадағы орындарға кезекке тұру мәселесі болмауға тиіс, және де біз осы проблеманы күнделікті шешудеміз», — деп атап өтті Б. Демеуов.

Оның айтуынша, тек соңғы 2 жылда Павлодардың әртүрлі ықшам аудандарында 4 балабақша қайта қалпына келтіріліп, ашылған. Осы мақсаттарға 124,7 млн теңге бөлінген.

Сонымен қатар, қазір жұмыс істеп отырған мектепке дейінгі мекемелердегі кезекте тұру проблемаларын шешу үшін бұрындары мақсатқа сай емес пайдаланылып келген 24 топ ашылған, бұған қала қазынасынан тағы 20 млн теңге жұмсалған.

Білім беру бөлімінің мамандары, балабақшалардағы кезекке тұру проблемаларын біржолата шешуге аймақтағы дүниеге келген сәбилер санының өсуі кедергі келтіруде, деп атап өтті. 5-6 пайызға тұрақты өсу қазірдің өзінде 5 — 6 мекетпке дейінгі мекеме салуды талап етеді.

Мекеменің мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде облыс орталығындағы балабақшаларға 10 600 бүлдіршін барады. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 18 пайызға артық.

Павлодар қаласы басшысының айтуынша, компьютерлік класы, бессейні мен денешынықтыру залы бар жаңа балабақша білім беру сапасының жаңа стандарттарының қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асырылып жатқандығының куәсі.

«Балалар — біздің болашағымыз екендігі туралы көптеген сөздер айтылып жатыр, бірақ іс жүзінде бүлдіршіндерімізге игілік жасау үнемі қолға алына бермейді. Осы жолы балалардың жаңа және ең заманауи заттарды алуы қуантарлық жағдай»,- деп мәлім етті агенттік тілшісіне берген сұхбатында Павлодардың әкімі.

Қазір, қалылық білім беру бөлімінің мамандарының айтуынша, Кенжекөл ауылы мен Ленинск аулындағы балабақшаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталып қалған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті