Жарияланды: 720

Павлодарда «Менің досым - Бағдаршам» атты балалар конкурсы өтті

Павлодарда асфальтқа сурет салудан «Менің досым - Бағдаршам» атты балалар конкурсы өтті, деп хабарлады білім бөлімінен.

Балалар шығармашылығының «Жазғы ғажайыптар» орталығының ұйымдастырған бұл байқауға төменгі сыныптың оқушылары қатысты. Олар түрлі-түсті бояулармен жаяу жүргіншілер өткелін, бағдаршамдарды, машиналарды бейнеледі. 297 жас суретші тұрғындары Жол қозғалысы ережелерін жақсы білетін Бағдаршам елін бейнеледі. Ал жағалауда серуендеп жүрген жұртшылық осынау көрменің көрермендері болды. Суретшілердің шеберліктеріне қазылар алқасы - көркемсурет үйірмелерінің педагогтары баға берді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін