Павлодарда нәрестенің өліміне кінәлі дәрігер түрмеден құтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда нәрестенің өліміне кінәлі дәрігер түрмеден құтылды

Павлодарда нәрестенің өліміне кінәлі дәрігер түрмеден құтылды

Павлодарда нәрестенің өліміне кінәлі деп танылған дәрігер шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Тағы екі маманның кінәсі дәлелденбей, толықтай ақталып шықты. Сотталған азамат та, шетінеген сәбидің туыстары да мұндай үкімге келіскен жоқ. Енді екі жақ та апелляциялық сотқа шағымданбақ.

  • 19 Ақпан 2015
  • 311
Фото - Caravan.kz

Оқиға 2012 жылдың қазан айында болған. Бір жарым жасар Айбар Мәдиев үйінде күрішке қақалып қалады. Алғашқы көмекті үйдегі дәрігер әпкесі көрсетіп, кейін ауруханаға жеткізген. Онда ауа жетіспеушілігінен баланың миы ісініп, комаға түседі. Ауруханада бес ай жатқан бүлдіршін ақыры ес жимастан көз жұмған. Осылайша, дер кезінде көмек көрсетпеген ақ халаттылардың үстінен сәбидің ата-анасы шағым түсіріп, қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі сотта Павлодар облыстық балалар ауруханасы жансақтау бөлімінің бұрынғы меңгерушісі мен реаниматологы кінәсіз деп танылып, жазадан құтылды. Ал әлгі оқиға болған кезде Астанадан арнайы шақыртылған анестезиолог 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Болат Сейдахметов, анестезиолог:

-Балада мен келген кезде үш рет клиникалық өлім болған. Баланы үш рет тірілткен. Аппараттық тыныс алуға қоспаған. Бұл әділетсіз шешім. Себебі, дәрігерлер құтылды. Ал мен ол баланың өмірін бес айға созған дәрігер Астанадан келіп, осындай кінәмен, осындай жазаға кесілдім.