Павлодарда өртенген тұрғын үй жертөлесінен ер адамның мүрдесі табылды
![]() |
Павлодарда кеше 5 қабатты көп пәтерлі үйдің жертөлесінен өрт шықты, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. |
Бірінші қабатта орналасқан 3 бөлмелі пәтердің ағаш конструкциялары мен қоқыс жанып кетті, залда ағаш еден, креслолар өртенді. Жалын 22 шаршы метрді шарпыды. 40 адам сыртқа шығарылды (оның ішінде 10 бала бар). Өрт 16.51-де оқшауланып, 20.08-де ауыздықталды.
Іздеу барысында жертөледен 1959 жылы туылған азаматтың денесі табылды.
Өрт салдарынан иіс тиіп ауруханаға 1970 ж.т. әйел, 2009 ж.т. қыз жеткізілді, жағдайлары орташа ауыр деп бағалануда.
Тілсіз жауды сөндіруге ТЖД Өрт сөндіру және АҚҚ жеке құрамынан 23 адам, 6 бірлік техника, Апат медицина орталығынан 3 адам, 1 бірлік техника, «102», «103», қалалық желі қызметтері қатысты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін