Мекемедегілердің хабарлауынша, 10 адам алаяқтың алдауына түскен. «Жедел қызметкерлер алаяқтың ізіне ресейлік бір қаржылық пирамиданың іс-қызметіне қатысты басқа бір қылмыстық істі тексеру барысында түсті», — деді қаржы полициясының баспасөз хатшысы Найля Бекжанова.
«Күдікті банкроттыққа ұшыраған қаржылық пирамиданың салымшыларына ақшаларын қайтарып беруге жәрдемдесем деп уәде берген», дейді баспасөз хатшысы. «Ол гонорар ретінде салымның 10% көлемңнде ақша сұраған. Оған сеніп қалған азаматтар ақшаларын берген. Нәтижесінде олар бір емес, екі мәрте алданып қалды — бастапқыда қаржылық пирамиданың құрбанына айналса, артынан жалғыз алаяқтың жемі болды», — деді Н. Бекжанова.
Қаржы полициясындағылардың хабарлауынша, азаматтардың сеніміне кіру үшін ол облыстық прокурордың атына арыз жазуды сұраған, ал екінші кездесуде ол бұл арыздың қарауға қабылданғанын дәлелдейтін жасанды резолюциясымен қоса көрсетіп отырған. Бұған қоса, әрбір кездесудің алдында жігіт ұялы телефонының таңғы қоңырауын қажетті уақытқа қойып, телефон қоңырауы шалынған сәтте құқық қорғау органдарындағы ықпалды адамдармен сөлесіп жатқан кейіп танытқан. Қаржы полициясындағылардың айтуынша, өзінің іс-әрекетін егжей-тегжейлі алдын-ала ойластырған мұндай алаяқпен олар бірінші рет бетпе-бет келіп отыр.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мәселенің мән-жайын анықтау барысында ұсталғанның бір жергілікті ПИК-тің төрағасы болып істегені анықталды. 2 ақпанда аймақтық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің тергеу басқармасы оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177 бабы, 3-тармағы, «б» тармақшасы бойынша (ірі көлемде алаяқтық жасау) қылмыстық іс қозғады. Облыстық прокурордың санкциясымен күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті