Павлодарда қаланы аббаттандыруға көңіл бөлінуде - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қаланы аббаттандыруға көңіл бөлінуде

Павлодарда қаланы аббаттандыруға көңіл бөлінуде

Соңғы кездері Павлодарда қаланы абаттандыруға көп көңіл бөлінеді. Қаланың жолдары жөнделіп, көшелерге гүлзарлар отырғызылды. Қала күннен күнге көркейіп, әсемдене түсуде. Қаланың құмдауыт жерінің ерекшелігі -қала көшелеріне тас жолдарды төсеуге әкелді. Қазіргі уақытта құмдауыт Павлодар қаласы - гүлденген қалаға айналуда.

  • 14 Маусым 2011
  • 333
Фото - Caravan.kz

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сонымен бірге, жазғы уақытта «жаңашылдықты» ұрлау фактілері де арта түсуде, ол — былтырғы жылы гүл салынған құмыралар болса, биылғы жылы кеспе тас жолдар болып отыр.

Ағымдағы жылдың 14 маусымында таңғы сағат 04.00 шамасында Павлодар облыстық ІІД Жедел басқару орталығының бейнекамералары 1 май — Кривенко көшелерінің қиылысында тас жолдарды ұрлау фактісін тіркейді. Оқиға орнынан полиция қызметкерлерімен облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны ұсталды.

Ер адам жақында дүниеге баласы келетінін және соған орай қонақтар шақырылатынын түсіндірді. Ал тастардан ауласында қазандық орнатқысы келгенін айтты. Осы мақсатта ол жұбайымен таңғы 03.00-де аталған көше қиылысына келіп, «Фольксваген-Пассат» автокөлігіне 75 дана кеспе тасты тиеп жатқан жерінде полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Қазіргі уақытта, осы дерек бойынша тексеріс жүргізілуде. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Ұрланған зат алынды.

Атап өтерлігі, осы сияқты қылмыстарды бұрын құқық бұзушылыққа жол бергендер емес, қалыпты заңға құлықты азаматтар жасайды.