Павлодарда қару қолданып тонау мен адам өлтірмек болған үш жасөспірім ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қару қолданып тонау мен адам өлтірмек болған үш жасөспірім ұсталды

Павлодарда қару қолданып тонау мен адам өлтірмек болған үш жасөспірім ұсталды

Павлодар. 21 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда қару қолданып тонау мен адам өлтірмек болған үш жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Қыркүйек 2007
  • 517
Фото - Caravan.kz

Құқық қоғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, 19-қыркүйекте түскі ас уақытында 17 жасар үш жасөспірім қылмыскер Инновациялық Еуразиялық университет колледжінің оқушысына 16 калибрлі тапаншамен қоқан-лоққы көрсете отырып, оның ұялы телефонын тартып алған. Қарулы тонаушылар бой тасаламақ болған кезде жәбірленуші досымен бірге олардың артынан қуған. Бандиттер бір ауланың ішінде аспанға 2 ескерту оғын атқан, сөйтіп қан іздерін жасырған.

Оқиғадан 4 сағат өткеннен кейін болған жағдайды полицейлер қайғылы сәйкестік деп атап отыр. Жәбірленушілер қарашыларды қуу кезінде таныстарын кездестіріп қалып, оларды көлігімен бұл істі одан әрі шешу үшін оның туған ағасына алып барған. «Автобус аялдамасының қасынан өтіп бара жатып, тоналған жігіт күтпеген жерден тонаушылардың бірінің автобустан түсіп бара жатқандығын көріп қалады; сол кезде жігіттер көліктен түсіп, оны ұстамақ болған, бірақ қылмыскер күтпеген жерден тапанша алып шығып, жасөспірімдерге оқ атқан»,- деп атап өтті агенттік тілшісіне берген сұхбатында Павлодар қалысының Оңтүстік ішкі істер органы бастығының орынбасары Қуат Түсіпбеков мәлім етті. Ол сондай-ақ «өкінішке орай жәбірленуші екі жерінен — арқасы мен санынан жарақат алған» деп қосты. Жасөспірім облыстық ауруханаға жеткізіліп, оған операция жасаған. Дәрігерлер оның ахуалын тұрақты деп бағалауда.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің атап өтуінше, «тағы бір сәйкестікке орай атыс Павлодар қалысының Оңтүстік ішкі істер органынан жүз метр қашықтықта болған, сондықтан да полицейлер оқ атқанды бірнеше минуттардың ішінде қолға түсірген». Кейінірек тағы екі шабуылшы да құрықталғандардың бірінің пәтерінен екінші 16 калибрлі тапанша мен ұрланған телефон табылған. Үшеуі де уақытша тергеу изоляторына қамалған. Оларға Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 251-бабы мен 179-бабы бойынша айып тағылуда.

Құқық қорғау органдарының ақпараттарына сүйенсек, оқ атқан жігіт полицияға спирттік ішімдіктер ішкені үшін және төбелеске қатысты деген күдікпен екі рет келген. Сонымен қатар, полицейлер ұсталғандарды жедел база бойынша осы тектес қылмыстар жасағандығын тексеруде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті