Павлодарда қатты аяз салдарынан алты адамды үсік шалған - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қатты аяз салдарынан алты адамды үсік шалған

Павлодарда қатты аяз салдарынан алты адамды үсік шалған

Павлодар. 8-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда қатты аяз салдарынан сенбі күнгі жағдаймен алты адам әртүрлі дәрежеде үсікке шалдыққан. Олардың барлығы ұзақ уақыт бойы далада қалып қойған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі апаттық медицина орталығының мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

  • 8 Қаңтар 2008
  • 988
Фото - Caravan.kz

Орталықтың ақпараттарына сүйенсек, төрт адам алғашқы медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін амбулаториялық емдеуге жіберілген, ал 1-ші және 2-ші дәрежеде үсік шалған екі адам № 1 қалалық аурухананың күйік бөлімшесіне жеткізілген. «Бұлар сол жақ қолының саусақтарын үсік шалған 20 жастағы қыз бен табандары мен қолдары үсіген 44 жастағы ер адам»,- деп хабарлады апаттық медицина орталығындағылар.

Шұғыл әрекет ету қызметінің ақпараттарына сүйенсек, сенбіден жексенбіге қараған түні облыс аумағындағы ауаның ең төменгі көрсеткіші 39 градусқа дейін жеткен.

Қалалық тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және көлік жолдары бөлімінің бастығы Закарья Сұлтанғазиновтың хабарлауынша, қатты аязға байланысты тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық қызметінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. «Қаланың жылу және электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесінде айтарлықтай төтенше оқиғалар тіркелген жоқ»,- деді З. Сұлтанғазинов. Оның пайымдауынша, аяздың қатаюы мен ауа температурасының төмендеуіне байланысты қалылық ЖЭО қалаға жылу беру күшейтілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті