Кішкентай Арай үшін аурухана екінші үйге айналғандай. Өйткені сәби бүгінге дейін талай емхананың табалдырығын тоздырған. Ақсулық дәрігерлер баланың жанарындағы жамылғыны тек он бір айында ғана аңғарыпты.
Әсел Сапарғалиева, анасы:
-Бір көзіндегі ісікті алып тастады. Ол көзі көрмейді. Оның ішінде протез. Тағы бір көзіндегі ісікті тез кетуі керек. Біз Алматыға бардық. Алматыдан Астанаға жіберді. Ондай диагноз «ретинобластомамен» балалардың аман қалғанын әлі көрген жоқпын.
Астана мен Алматыдағы ақ халаттылардың қарауында болған бала жуырда он шақты химиялық ем алып қайтыпты. Күрделі ем-домнан кейін әлсіреп қалған. Бүлдіршіннің бойынан енді гепатит табылды. Дәрігерлер болса Арайға тек шетелдік мамандардың көмегі тиеді дегенді жеткізген.
Әсел Сапарғалиева, анасы:
-Бірден сегіз ай асты. Сіздерден, адамдардан көмек сұраймын. Қанша көмектеріңіз, ақшаларыңыз болса көмектесіңіздерші. Осы қызымды аман алып қалу үшін. Бір көзін аман алып қалуға маған. Сіздерден ғана көмек қалды сұрайтын. Менің жағдайым жоқ.
Елімізде мұндай дерттің емделмейтінін айтқан ақ халаттылар ендігіде сәбиді Кореяға жеткізуге кеңес берді. Аталмыш ісікпен онда барғандардың тек емделуі үшін 1жарым млн теңге қажет. Ал операцияның құны 10 млн теңгеге жуықтайды екен.
-Сапарғалиевтер отбасы әзірге мына үйде тұрып жатыр. Алайда, кішкентай Арайдың жағдайы нашарлағаннан бері олар жалғыз үйлерін сатуға мәжбүр. Өйткені, отағасының табатын алпыс мың теңгесі азық-түлік пен дәрі-дәрмектен аспайды екен.
Отбасының телефоны +7 705 384 84 12, +7 775 132 6599