Павлодарда саяжай тұрғындары наразылық білдіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда саяжай тұрғындары наразылық білдіруде

Павлодарда саяжай тұрғындары наразылық білдіруде

Павлодарда саяжай иелері шу шығарды! Қала аумағындағы 500-ден астам бақ телімі мемлекетке қайтарылмақ. Шенеуніктер бұл жерде жаңа шағын аудан салуды жоспарлап қойған. Ал, көше бойлай үй көтеріп, ондаған жылдар емін-еркін тұрып келген жұртқа болмашы өтемақы төлеп құтылмақ. Мұны естіп наразылыққа шыққандар лайықты баға ұсынылмайынша, жылжымаймыз деп бекініп отыр.

  • 21 Мамыр 2014
  • 188
Фото - Caravan.kz

Бақ телімдерінде баспана салып, күн кешіп жатқан павлодарлықтар енді далада қалғалы тұр. Жаңа аудан салуды жоспарлап қойған шенеуніктер қала ішіндегі ыңғайлы орындарын түгін қалдырмай ысырып тастамақ. Ал, өтеміне итке сүйек тастағандай қылып, бір сотығына 300 теңгеден беріп құтылмақшы.

Самиға Қайырбаева, саяжай тұрғыны:

-Мына 5000 долларға жерімді сатып алып, үй салдық.Жерге дейді, 1800 теңге ғана ақша береді дейді 6 сотыққа. Оған біз немене аламыз?Біз енді қайда барамыз?

Қоғамдық көліктер қатынап, жарық өткізілген жайлы орынға Анарбек Кенжеғалиев те қазығын қаққан. Үйдің құрылысын айтпағанда, тек жер телімі үшін кезінде 600 мың төлепті. 52 жастағы отағасы енді әкімдіктің шарттарына жайдан-жай келісе кетпеймін дейді.

Анарбек Кенжеғалиев, саяжай тұрғыны:

-Соттасамыз, тұрамыз. До конца тұрамын енді. А че, енді, қазір ешкімге бармайсың қазір, снимать ету үшін пәтерге  қанша ақша кетті. Мында қанша миллион кетті, 3 млн. кетті ақша міне.

Дегенмен әкімдікте мәселе шешіліп те қойған. Бас жоспар бойынша, бұл саяжай аумағында жаңа үйлер қалайда бой көтеруі тиіс. Өтемақыға келіссін-келіспесін 510 үй бұзылмақшы.


Ержан Иманслям, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары: 

-«Строитель» саяжайының өзінде 48 үй салынған. Оларға тәуелсіз сарапшылар тағайындалып, құрылыс нысандарына бағалау жүргізілетіні ескертілді.

Ескертуді қаперге алғандар алаң көңілмен пайдаға жаратқан материалдарын есептеуге кіріскен. Саяжай тұрғындары қыстың қамын жаз келмей ойлай бастады. Себебі, алдағы күзге дейін үйлерін бұзу мәселесі ортаға салынбақ. Тығырыққа тірелгендер иеліктерін сатуға талпынғанымен, шенеуніктер мүлік ауыртпалығын салып, шектеу қойып тастаған. Мұны ескергендер қазірдің өзінде құрылыстарын аяқсыз қалдырып жатыр